Артқа
Артқа

ӘМСҚ басшысы: 2021 жылдың басынан бастап ауыл тұрғындары медициналық жылжымалы кешендерде 120 мың қызмет алды

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында халыққа көрсетілген қызметтердің көлемі туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Оның айтуынша, биыл емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуінің арқасында бұл қызметтердің саны 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 20% өсті. 37,7 млрд теңге сомасына 22,4 млн кеңес және диагностикалық зерттеулер көрсетілді. Бұл 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3,4 млн қызметке артық.

Өсім зертханалық диагностика қызметтері есебінен байқалады - қосымша 800 мыңға жуық зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, функционалдық, ультрадыбыстық және рентген-диагностиканың жарты миллионнан астам зерттеулері жүргізілді. Айта кету керек, бұл қызметтерге ақы төлеуді Қор 80% жағдайда МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты - КТ және МРТ.

Бұдан басқа, 2021 жылдың 1 тоқсанында 8,3 млрд теңге сомаға 7 млн жуық скрининг қызметі жүргізілді (2019 жылы – 2,9 млрд теңге сомаға 3,6 млн).

«Осы жылдың 1 тоқсанында жоғары технологиялық қызметтерді қолданумен жасалатын хирургиялық операциялар санының 25% өскені байқалады. Қаржыландыру көлемі өткен жылы 7,3 млрд теңгеден биыл 9,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қаңтар-наурыз аралығында 1602 операция жасалды», - деп атап өтті Төкежанов.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілді.

Басқарма Төрағасы сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды жалғастыратынын хабарлады. Осылайша, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда 10 өсіп, 610 клиникаға дейін ұлғайды. Осылайша, 1 тоқсанда 8 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтері көрсетілді, оның ішінде күндізгі стационарларда - 1332 пациент, тәулік бойғы стационарларда – 43 217 пациент қажетті көмекке қол жеткізді. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 2,7 млрд теңге сомасына 2,8 млн қызмет көрсетілді.

Б.Төкежанов коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауырғандар үшін қауіпті екенін атап өтті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрғысынан Қор басшысы биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер санының 1,5 есеге өскенін хабарлады. Егер 2020 жылдың 1 тоқсанында 74 мың пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, биыл олардың саны 190 мың адамға дейін өсті.

«Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биылғы жылы біз осы мәселені шешудегі ілгерілеушілікті атап өтеміз және алдағы уақытта да бұл мәселеге мониторинг жүргізетін боламыз, өйткені қор СҚ-Фармация және медициналық ұйымдар алдындағы пациенттерді дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін орындайды», - деп толықтырды Төкежанов.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу